05.05.2008, 15:52 3173

Солтүстік Қазақстан облысының қан орталығында мамандар тапшы - телеарна

Солтүстік Қазақстан облысының қан орталығында мамандар тапшы - телеарна

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының қан орталығында мамандар тапшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазақстан-Петропавл" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда жақын жылдары 6 заманауи қан орталығы салынады. Оның бірі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғызылады. Заманауи бес қабатты ғимараттың іргетасы биылғы жылдың жазында қалана бастайды. Бұл мақсаттар үшін республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.

Ескі орталық құрылғалы 70 жылдан астам уақыт өтті. Солтүстік Қазақстан облысының қан орталығының директоры Сартай Қоспановтың "Қазақстан-Петропавл" телеарнасына хабарлағанындай, "бүгінгі таңда орталыққа 8 дәрігер жетіспей отыр, бұл тек бізге ғана қатысты емес, бұл барлық аймақ бойынша туындап отырған мәселе. Қазір облыс бойынша 300 дәрігер жетіспей отыр ".

Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде бұрынғыдай донор тапшылығы сезіліп отыр. Қан тапсыратындардың 90 пайызы науқас болған адамның туған-туыстары.

Жаңа ғимарат 2009 жылы тапсырылатын болады. Алайда телеарна тілшісінің пікірі бойынша, бұл арқылы маңызды мәселенің түйіні шешілмейді, өйткені Қазақстанда дәрігер трансфузиологтар оқытылмайды. Мұндай мамандықтар жақын жатқан көрші Ресейде дайындалады.

Қан орталығының дәрігері жергілікті бюджет есебінен Ресейдің жоғары оқу орындарында дәріс алып, кәсіби біліктілігін көтеру үшін жіберілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны