04.09.2017, 11:53 4545

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ орталығында "Нұр бала" балабақшасы ашылды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ орталығында Конституция күнi мемлекеттiк мерекесi қарсаӊында жаӊа балалар бақшасы ашылды. Оныӊ ашылу салтанатына Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Петропавловск. 29 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ орталығында Конституция күнi мемлекеттiк мерекесi қарсаӊында жаӊа балалар бақшасы ашылды. Оныӊ ашылу салтанатына Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

"Аталмыш жұмыс балаларды басым бағыттардыӊ бiрi болып саналатын-мектепке дейiнгi мекемелермен қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ тапсырмасы аясында жүргiзiлуде. 2020 жылға дейiн елiмiз бойынша 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалар мектепке дейiнгi мекемелермен қамтамасыз етiлуге тиiс. Бiз жылдыӊ соӊына дейiн осы мiндеттi мерзiмiнен бұрын орындағалы отырмыз. Солтүстiк Қазақстан облысында 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалар мектепке дейiнгi мекемелермен қамтамасыз етiледi",-дедi Құмар Ақсақалов.

Балабақша 3-тен 6 жасқа дейiнгi 90 балаға арналған. Ойын және жатын бөлмелерi бар, еӊ бастысы бiлiктi тәрбиешiлер мен педагогтар таӊдап алынған, барлығы 14 адам.

Аталмыш нысанныӊ меншiк иесi-"Егоровские склады" ЖШС. Гарик Бернецян компания алдағы уақытта да балабақша салумен айналысатындығын атап айтты.

"Бұл балабақша президенттiӊ мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк бағдарламасы бойынша салынды. Бiздiӊ Президентiмiз соӊғы Жолдауында мектепке дейiнгi бiлiм беру жөнiнде ерекше атап айтты. Мен бүгiн барлық кәсiпкерлердi мектепке дейiнгi бiлiм беру iсiне айрықша қатысуға шақырамын",-дедi "Егоровские склады" ЖШС-нiӊ директоры Гарик Бернецян.

Үстiмiздегi жылдыӊ соӊына дейiн тағы бiр балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Сол сияқты өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов "Береке" шағынауданында болып, Орал,32 көшесiндегi 100 пәтерлiк тұрғын үйдiӊ жаӊа қоныстанушыларымен кездестi.

Құрылыс "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Мердiгерi-"Зерттеу" ЖШС компаниясы. Тұрғын үйдiӊ құрылысы 2016 жылы басталып, үстiмiздегi жылы мамыр айында аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны