Система Orphus

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын болып өтті

22.09.2008, 16:07 1092

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өңір басшысы Серік Біләлов Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын өткізді. Күн тәртібінде облыс орталығын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және қыс маусымына арнап көкөніс дайындау мәселелері талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдерін сатушылармен "Қызылжар" коммуналдық базарына өнім жеткізу жөніндегі келісім-шартының жобасы жасалды.

"Облыс орталығы тұрғындарының жеміс-көкөніс өнімдеріне деген жылдық сұранысы 34 мың тоннаны, соның ішінде картопқа деген сұраныс - 18 мың тоннаны, сәбіз, қызылша мен пиязға деген сұраныс - әрқайсысы 4 мың тоннаны, қырыққабат - 5 мың тоннаны, қызанақ пен қияр - 1 мың тоннаны құрайды", -деді Петропавловск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тотыкамал Құлжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны