11.01.2011, 15:13 5119

Солтүстік Қазақстанда балалардың кардиорталығын ашу жоспарланған

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) облыстық балалар ауруханасының базасында балалардың кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анатолий Ко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Петропавл. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) облыстық балалар ауруханасының базасында балалардың кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анатолий Ко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, "қаңтар-ақпан айларында Түмен облыстық клиникалық ауруханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз, оған сәйкес, біздің дәрігерлеріміз ол жақта біліктіліктерін арттыра алады", - деді А.Кодүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Ол аймақ әкімі Серік Біләловтың нұсқауымен жаңа орталыққа қажет жабдықтарды алу жұмыстары қолға алынғанын айтты.

А.Коның айтуынша, облыс әкімдігі бөлген алғашқы Т65млн. қаржы операциялық блокты жөндеуге және жабдықтарды сатып алуға, орталықты компьютерлендіруге жұмсалады.

Денсаулық сақтау басшысының айтуынша, өңірде экстракорпоральды ұрықтандыру бөлімін (ЭКО) ашу жоспарланған.

"ЭКО бөлімін облыстық перинатальды орталықтың базасында құру көзделіп отыр, - деді А.Ко. - Біз Қазандағы ЭКО орталығымен біздің дәрігерлерді оқыту туралы уағдаластық".

Басқарма бастығының айтуынша, орталыққа қажет жабдықтарды сатып алуға 80 млн теңге көлемінде қаржы қажет, қазір облыс әкімдігімен қаржы бөлу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр.

"Изірге мұндай орталықтар Астана мен Алматыда ғана бар. Ал СҚО-да ЭКО-ны қажет ететін 250-260 отбасы бар", - деді А.Ко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны