04.05.2008, 16:40 3261

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауымен күреске дайын

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауымен күреске дайын

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстанда құс тұмауымен күреске дайын, деп хабарлайды агенттік жергілікті телерадиоарнаға сілтеме жасап.

Петропавловскіде құс тұмауының пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Күн тәртібіне өңір аумағында вируспен күрес және оның алдын алу мәселелері енгізілді.

Штаб отырысына қатысушылардың хабарлағанындай, өткен жылдың екінші жартысы мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жоғары патогенді құс тұмауының белең алуы әлемнің 39 елінде, соның ішінде Ресейде де тіркелген. Осыған байланысты, мамандардың айтуынша, төтенше жағдайларға дайын болу керек.

Ресей шекарасынан 100-150 шақырымдық буферлік өңірде былтырғыдай жеке меншік аулалардағы үй құстарына вацина егіледі. Инспекторлар тұрғындарға арнайы жадынама таратуда. Аудандарда семинарлар мен тренингтер өткізілді. Қаржыландыру мәселесі толық шешімін таппай отыр. Қазір барлық қажетті шараларды өткізуге Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында ғана ақша бөлінген. Инспекторлар әрбір ауданда дезинфекциялыұқ топтар құруды ұсынуда. Олар облыс орталығында жұмыс істеп жатыр. Бұл ұсынысты штаб бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Самат Ескендіров қолдады.

С. Ескендіров табиғат қорғау және мал дәрігерлік полицияның елдімекендерде құс ұстау жағдайына қатысты ахуалды бақылауға алуға тиіс екенін айрықша атап көрсетті. Жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу, аумақты күзетке алу және фабрикалардың қызметкерлеріне вакцина егу шаралары барлық құс фабрикаларында алынуда.

Өз кезегінде денсаулық сақтау департаментінің төрайымы Наталья Воронцова да медициналық қызметтің дайын екендігін хабарлады. Аумақтық орман, аң және балық шаруашылығы басқармаларының жетекшілері құс тұмауының алдын алу үшін алынып жатқан шаралардан хабардар етті.

Барлық табиғат пайдаланушылар ақпаратпен қамтамасыз етіліп, жадынама-инструкцияға ие болды. Су қоймалары мен аң шаруашылықтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында 28 аң шаруашылығы бар, оларда 90 қорықшы жұмыс істейді, аң аулайтын 10 аумақты пайдалануға алушы тіркелген, 280 су қоймасы жалға берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны