09.01.2012, 11:24 3309

Солтүстікамерикалық прокатта "Иңгі" фильмі көш бастаған

Өткен екі аптаның көшбасшысы болған "Орындалмайтын миссия: Фантом хаттамасы" фильмі екінші орынға түсіп қалды. Басты рөлде Том Круз ойнайтын фрнашизаның төртінші бөлімі есептік кезеңде прокат иелеріне 20,5 млн доллар көлемінде табыс әкелген болатын. Картинаның айналымға шыққалы бері жинаған кірісі 170 млн доллардан асты.

Алматы. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстікамерикалық прокатта "Иңгі" фильмі көш бастаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

lenta.ru сайтының хабарлауынша, экзорцизм жайлы мистикалық триллер прокатта 34,5 млн доллар жинапты.

Өткен екі аптаның көшбасшысы болған "Орындалмайтын миссия: Фантом хаттамасы" фильмі екінші орынға түсіп қалды. Басты рөлде Том Круз ойнайтын фрнашизаның төртінші бөлімі есептік кезеңде прокат иелеріне 20,5 млн доллар көлемінде табыс әкелген болатын. Картинаның айналымға шыққалы бері жинаған кірісі 170 млн доллардан асты.

"Шерлок Холмс: Көлеңкелі ойын" фильмі 11,3 млн доллар жинап, үшінші орынды місе тұтқан. 22 күн ішінде ұлы тыңшының бастан кешкен оқиғалары жайлы фильм 147,6 млн доллар табыс тапқан.

Демалыс күндерінің қорытындысы бойынша "Айдаһар татуылы қыз" фильмі төртінші орынға жайғасты. Ол картина иелеріне 11,3 млн доллар табыс әкелді. Ал "Эвлин мен ала тышқандар 3" мультфильмі табысты фильмдердің алғашқы бестігін бекітіп, 9,5 млн доллар көлеміндегі кіріске кеңелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны