18.05.2012, 09:40 3972

Солтүстікте күн тұтылады

"21 мамыр күнгі күннің тұтылуы сақина тәріздес болады. Ол таңертеңгі уақытта аздап қана кішігірім жеке фазаларда Қазақстанның солтүстік бөлігінде және облыс аумағында көрінеді. Сақина тәріздес сызық Оңтүстік Қытай, Жапония, Тынық мұхиты акваториясында және АҚШ-тың батыс бөлігі аумағы бойынша өтеді. Күннің тұтылуының ең үлкен 0,944 фазасы Тынық мұхитының даталардың ауысу сызығында орын алады", - дейді А.Солодовник.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 21 мамырда таңертең күннің тұтылуын бақылай алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің астрономия кафедрасының доценті Андрей Солодовник хабарлады.

"21 мамыр күнгі күннің тұтылуы сақина тәріздес болады. Ол таңертеңгі уақытта аздап қана кішігірім жеке фазаларда Қазақстанның солтүстік бөлігінде және облыс аумағында көрінеді. Сақина тәріздес сызық Оңтүстік Қытай, Жапония, Тынық мұхиты акваториясында және АҚШ-тың батыс бөлігі аумағы бойынша өтеді. Күннің тұтылуының ең үлкен 0,944 фазасы Тынық мұхитының даталардың ауысу сызығында орын алады", - дейді А.Солодовник.

"Тек... сағат 05.07-де көкжиектен күн шығады. Ал сағат 5:15-ке таман ол толықтай көкжиек үстіне көтеріледі, дискінің төменгі оң жақ бөлігінде көзге көрінеркөрінбес жарық түседі... Күн толық сағат 5:10-да тұтылады. Бұл құбылыс сағат 5:49-ға таман күннің көкжиектен 4 градус биіктікке орналасқанда ғана толықтай аяқталады" дейді маман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны