03.04.2013, 12:54 3401

Соңғы 10 жылда елімізде порнография мәселесімен қозғалған қылмыстық іс 5 есеге артты

Оның дені ғаламтордан келетін көрінеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксесте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулермен Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Соңғы 10 жылда елімізде порнография мәселесіне қатысты қозғалған қылмыстық іс 5 есеге артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның дені ғаламтордан келетін көрінеді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксесте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулермен Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, былтыр елімізде порнографиялық сипаттағы 45 веб-сайт анықталған. "Ал биылдың өзіндегі екі айдың ішінде осындай 38 факті де тіркеліп отыр. Сондықтан да, аталған Хаттамаға қосылудағы басты себеп - порноиндустриямен бірлесе күресу. Біз осындай дүниені бизнес көзіне айналдырғандармен Хаттамаға қосылған 60 мемлекет аясында бірігіп күресіп, сол бағыттағы байланысты нығайтамыз. Сонымен бірге, әзірленіп жатқан жаңа Қылмыстық кодекс жобасында да бұл ескеріледі. Менің ойымша тиісті түзету жаңа кодексте көрініс табатын болады", - дейді министр Қ. Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны