05.07.2016, 10:33 3835

Соӊғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыӊнан астам телемедициналық консультация өткізілді

Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарыныӊ пациенттері 133 мыӊ 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарыныӊ пациенттері 133 мыӊ 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мыӊ 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мыӊ 600 сеанс, пульмонология бойынша - 3 мыӊ 215 сеанс, неврология бойынша - 2 мыӊ 251 сеанс және тағы басқалары.

Бүгінгі күні Ұлттық телемедицина желісі (бұдан әрі - ҰТЖ) еліміз бойынша 199 денсаулық сақтак нысанын біріктіреді және аудандық, облыстық, республикалық деӊгейлерге бөлінеді. Аудандық деӊгейдегі (141 аудандық және қалалық аурухана) медицина ұйымдарыныӊ қызметкерлері консультацияларды облыстық ауруханалар мен республикалық медицина орталықтарындағы әріптестерінен ала алады.

Телемедицинаныӊ көмегі арқылы дұрыс диагнозды дер кезінде қою және емдеу, медицина қызметкерлеріне пациенттерге медициналық көмекті шұғыл көрсетуге, азаматтардыӊ жол жүру шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, медицина ұйымдарыныӊ облыстық және республикалық клиникаларға ауыр жағдайдағы пациенттерді жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

ҰТЖ денсаулық сақтау ұйымдары қызметініӊ мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс тәртібінде селекторлық жиындар мен республикалық штабтарды өткізу үшін пайдаланылады

Медицина ЖОО-ныӊ, республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарыныӊ мамандары бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханаларыныӊ медицина қызметкерлері үшін телевизиялық оқыту лекциялары мен семинарларын өткізеді.

Қазақстанда 2004 жылдан бері Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі жоба іске асырылып жатқанын естеріӊізге саламыз. Ол пациенттерге облыстық және республикалық медицина орталықтарыныӊ орналасқан жерлері мен қашықтығына қарамастан білікті дәрігерлердіӊ телемедициналық консультацияларын алу үшін арналған. ҰТЖ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектіӊ қолжетімділігіндегі республиканыӊ қала және ауыл тұрғындары арасындағы айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны