Система Orphus

Соңғы 2 жылда киіктер саны 51 мың басқа көбейді

08.06.2012, 12:34 548

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Соңғы 2 жылда киіктер саны 51 мың басқа көбейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың сәуірінде "Аңшылықзооөнеркәсіп" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны АН-2 ұшағын пайдаланып, Бетпақдала, Орал және Үстірт киіктеріне авиаесеп жүргізген. Санақ жұмысына ҚР БҒМ Зоология институтыны, "Жануарлар әлемін ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің, "Фауна" ЖШС-нің, "Қазақстанның биологиялық алуантүрлігігін сақтау қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлесітігінің, Орман және аң шаруашылығы комитетінің өңірлік бөлімшелерінің, "Аңшылықзооөнеркәсіп" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары қатысты.

Киіктерді авиаесепке алу ҚР БҒМ Зоология институты әзірлеген Қазақстанда киіктерді авиаесепке алу әдістемесіне сай жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны