02.07.2008, 19:13 4008

Соңғы 48 жылда әлемде 7 мыңнан астам табиғат апаттары болған - БҰҰ

Соңғы 48 жылда әлемде 7 мыңнан астам табиғат апаттары болған - БҰҰ

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Соңғы 48 жылда әлемде 7 мыңнан астам табиғат апаттары тіркелген. Олардың салдарынан кем дегенде 2,5 млн адам қайтыс болған. Келген шығын 2 трлн АҚШ долларын құраған. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) сессиясына қатысушылардың талқылауына жіберілген БҰҰ баяндамасында осы жайында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада табиғи апат салдарынан қайтыс болған адамдардың саны дамушы елдерде дамыған елдердегіден 20 - 30 есеге артық екені атап көрсетілген. Табиғат апаттарынан кейін қалпына келу процессі кедей мемлекеттерде айтарлықтай ұзақ уақыт алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны