17.05.2016, 15:47 3773

Соӊғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мыӊ 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мыӊ 723 адамды құрады

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мыӊ 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мыӊ 723 адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардыӊ саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни 38,1 %-ға азайды.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердіӊ еӊбекті қорғау мен оныӊ қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап еліміздіӊ өндіріс орындарында еӊбекті қорғау мен оныӊ қауіпсіздігін басқарудыӊ заманауи жүйесін құруға бағытталған жаӊа Еӊбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еӊбек кодексінде қауіпсіз еӊбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеӊесті құру көзделген.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны