23.10.2018, 16:42 4031

Соӊғы үш жылда ақтөбелік мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теӊге қаржы бөлінді

Мектептерді 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында жыл соӊына дейін қала мектептеріне 465 млн.теӊгеге 1860 компьютер жеткізілетін болады.

Ақтөбе. 23 қазан. Kazakhstan Today - Соӊғы үш жылда ақтөбелік мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теӊге қаржы бөлінді.

Ақтөбе қаласыныӊ жалпы білім беретін мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу сондай-ақ, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық білім басқармасында айтылды.

Аталмыш мекеменіӊ мәліметінше, мектептерде жөндеу жұмыстары оқу жылыныӊ басына дейін жүргізіледі. Күрделі жөндеуге жататын нысандардыӊ тізбесін қалыптастыру кезінде бірінші кезекте "ыстық" нысандар қаржыландырылады, сонымен қатар, оларға жұмыстардыӊ барлық түрлері бойынша алдын ала құжаттар әзірленеді.

"Соӊғы үш жылда Ақтөбе қаласыныӊ білім беру ұйымдарыныӊ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1807, 0 млн.теӊге бөлінді, ал оныӊ ішінде ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарына 374 млн.теӊге бөлінген болатын. Қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарыныӊ материалдық-техникалық базасын нығайту және білім алушыларға қажетті жағдай жасау мақсатында Қамқоршылық кеӊестер жұмыс жасайды", - деп атап өтті басқармада.

Сонымен қатар, мекемеде "Сандық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша да белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, оныӊ басты бағыттарыныӊ бірі, білім беру жүйесін дамыту екендігі де айтылды.

Орта білім беруді ақпараттандыруды дамыту мақсатында оқу орындарын кеӊ жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз етуге қаражат бөлінеді. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласыныӊ мектептеріне жалпы сомасы 339 млн теӊгеге 1194 компьютер жиынтығы, 260 аппараттық кешен, 8 ультрофокусты интерактивті проектор жиынтығы мен 3D принтерлер және робототехника сатып алынды. Мектептерді 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында жыл соӊына дейін қала мектептеріне 465 млн.теӊгеге 1860 компьютер жеткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны