03.02.2021, 20:03 9076

Жедел көмек шақыруға арналған "SOS батырмасы" қай өңірлерде орнатылады

"Бұл құрылғылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орнатылады. Олар саябақтарда, халық көп жиналатын жерлер мен далаларға болады, тұрғындар телефоны өшіп қалса немесе оқыс оқиғалар болса, осы батырманы баса алады".
Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Көшелер мен қоғамдық орындарда жедел көмек шақыруға арналған "SOS батырмасы" тесттік режимде іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтып берді.
 

Біз пилоттық режимде "SOS батырмасы" жүйесін іске қостық. Әзірге Талапкер елдімекеніне барар жолда тесттік режимде бір құрылғы жұмыс істеп тұр. Бұл құрылғылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орнатылады. Олар саябақтарда, халық көп жиналатын жерлер мен далаларға болады, тұрғындар телефоны өшіп қалса немесе оқыс оқиғалар болса, осы батырманы баса алады. Бейнежазба немесе аудио жақын маңдағы жедел басқару орталығына түседі және картада орналасқан жері көрсетіледі, егер жүгінуші көмекке мұқтаж болса, патрульдік машина немесе жаяу полиция жасағы жіберіледі", - деді Сәкен Сәрсенов Нұр-Сұлтан қаласының жедел басқару орталығында тілшілерге берген сұхбатында.

 
Оның айтуынша, "SOS батырмасы" жобасы бірнеше компанияның қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Жақын арада оның таныстырылымы өтеді.
 
Айта кетейік, С.Сәрсенов 1 ақпанда іске қосылған "102" мобильдік қосымшасының алғашқы нәтижелері туралы айтып берді. Жедел басқару орталықтарында мыңға жуық оператор жұмыс істейді, олардың 400-ге жуығы бейне қоңыраулармен жұмыс істейді. Жақын арада қосымшаның қазақ тіліндегі нұсқасы іске қосылады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны