29.07.2015, 22:58 3597

Сот Алматы метросыныӊ бұрынғы директорыныӊ мүлкін тәркіледі

"Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевтыӊ және оныӊ отбасы мүшелерініӊ автокөлігі, гаражы және бірнеше пәтері тәркіленді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Алматы. 29 Шілде. Kazakhstan Today - "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевтыӊ және оныӊ отбасы мүшелерініӊ автокөлігі, гаражы және бірнеше пәтері тәркіленді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот Мұрат Өкшебаевтыӊ және оныӊ отбасы мүшелерініӊ мүліктерін тәркіледі. Дәлірек айтқанда, төрт пәтер тәркіге алынды - олардыӊ екеуі Астанада, екеуі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар Алматыдағы бір жер телімі, бір гараж және бір ескі Toyota Highlander автокөлігі де тәркіге алынды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ сот арқылы Мұрат Өкшебаевқа қатысты екі айға, яғни үстіміздегі жылдыӊ 14-ші шілдесінен 14-ші қыркүйегіне дейін қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Мұрат Өкшебаев Қылмыстық кодекстіӊ (1997 ж) 176-бабыныӊ 4-ші тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) қылмыс жасағандығы ретінде күдікті деп танылды. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мұрат Өкшебаев 1994 жылдан 2010 жылға дейін "Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры болып жұмыс атқарды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін "Метрополитен" КМК басқарды. 62 жаста, техника ғылымдарыныӊ докторы. Халықаралық ақпараттандыру академиясыныӊ академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясыныӊ корреспондент-мүшесі.

2009 жылы Мұрат Өкшебаев үй қамағына алынғаны белгілі. Сол кезде оған метро құрылысына бағытталған 120 млн. теӊгеніӊ мақсатсыз жұмсалғандығы бойынша айып тағылған еді. Одан басқа, бұл іс бойынша оныӊ бірнеше әріптесіне де айып тағылды. Сол кезде Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтыӊ мәлімдегеніндей, үй қамағына қаржыныӊ мақсатсыз жұмсалғандығы себеп болған. Бұл қаражат ерікті сақтандыруға жұмсалған. Одан басқа, қаржылық құжаттарды рәсімдеуде де қателіктер жіберілген. Дегенмен, көп ұзамай Өкшебаев өз қызметіне қайта оралған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны