21.02.2007, 18:42 2536

Сот Алматының Иуезов ауданының әкіміне кәсіпкер әйелдің 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп беруді міндеттеді - құқық қорғаушы

АЛМАТЫ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы қаласының ауданаралық арнаулы экономикалық соты Иуезов ауданының әкімі Иділ Неспібаевтың іс-әрекетін заңсыз деп танып, оған кәсіпкер әйел Жәмилә Тәңірбергенованың 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп беруді міндеттеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы, Кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван мәлім етті. "Сот Иуезов ауданының әкімінің кәсіпкер әйел Жәмилә Тәңірбергеноваға тиесілі аялдама кешенін бұзуға қатысты іс-әрекетін заңсыз деп таныды. Сотқа берілген шығым-арыз толық қанағаттандырылды",- деп хабарлады В. Резван.

АЛМАТЫ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы қаласының ауданаралық арнаулы экономикалық соты Иуезов ауданының әкімі Иділ Неспібаевтың іс-әрекетін заңсыз деп танып, оған кәсіпкер әйел Жәмилә Тәңірбергенованың 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп беруді міндеттеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында құқық қорғаушы, Кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван мәлім етті.

"Сот Иуезов ауданының әкімінің кәсіпкер әйел Жәмилә Тәңірбергеноваға тиесілі аялдама кешенін бұзуға қатысты іс-әрекетін заңсыз деп таныды. Сотқа берілген шығым-арыз толық қанағаттандырылды",- деп хабарлады В. Резван.

Сот шешімі сырттай қабылданды, себебі, В. Резванның сөздеріне сүйенсек, "әкімшілік қызметкері соттың шақыруы бойынша сот отырысына келмеген". "Сотқа әкімнің атынан сенімхатпен екі рет Назаров келген, бірақ сот сенімхатты жасанды деп тапқан болатын,- деп түсіндірді құқық қорғаушы.

Сонымен қатар, В. Резван "егер сот шығын бюджеттік қаржы есебінен өтеледі деп тапса, онда қайтарымдылық тәртібіне сәйкес Несіпбаевтың үстінен тағы бір шағым-арыз түсетіндігін" атап өтті. "Ж. Тәңірбергеноваға келген шығын әкімнің жеке табысы есебінен өтелуге тиіс",- деп атап көрсетті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ж. Тәңірбергенова 2003-жылы ол "Шаңырақ-1" ықшамауданында жер телімін жалға алып, ол жерде сөйлесу бөлімшесі, тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханасы мен ұялы байланыс телефондарын сататын дүкені бар аялдама кешенін салған. Алайда, Ж. Тәңірбергеновтың айтуынша, 2006-жылдың қыркүйегінде әкімшілік қызметкерлері оған кешеннің бұзылатындығы және оның орнына автотұрақ салынатыны туралы хабарлаған. Кәсіпкердің айтуынша, оған 15-17 мың теңге көлемінде өтемақы ұсынылған. Ал 6-қарашада әкімшіліктің қала құрылысы жөніндегі кеңесінде кешенді қирату туралы шешім қабылданып, 20-желтоқсанда барлық құрылыс құлатылды.

Тәуелсіз бағалаушылардың пайымдауынша, кәсіпкер сауда-саттық жабдықтарын қосқанда 300 мың доллар көлемінде шығынға ұшыраған. В.Резванның айтуынша, сауда-саттық жабдықтарын "КамАЗ-ға тиеп белгісіз бағытта алып кеткен".

Сонымен қатар, құқық қорғаушының ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласының Иуезов аудандық әкімшілігінің Ж. Тәңірбергенованың мүлкін қасақана жойған заңға қайшы әрекеті бойынша Иуезов АІІБ қылмыстық іс қозғады.

Бұл соңғы жылдағы Иуезов ауданының әкімшілігінің қызметкерлеріне, соның ішінде әкім А. Несіпбаевқа қатысты қозғалған бірінші қылмыстық іс емес. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың тамыз айында Иуезов ауданының әкімі А. Несіпбаевтың нұсқауымен "Баян Ауыл авто" көлік базарының директоры А. Қорғанбаев соққыға жығылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны