25.01.2007, 16:59 3382

Сот балаларға ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық істі қосымша тексеруге жіберу туралы өтінішті қанағаттандырмады

ШЫМКЕНТ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Ил-Фараби аудандық соты балаларға ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық істі қосымша тексеруге жіберу туралы өтінішті қанағаттандырмады. Бұл туралы бүгін айыпкерлердің адвокаты Мусатай Бектасов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен сот біздің істі қосымша тексеруге жіберу туралы өтінішімізді қанағаттандырмады",- деді М.Бектасов.

Оның айтуынша, бұдан басқа да өтініштер, атап айтсақ, қамауда отырған және денсаулығына байланысты шағымданған курьер әйелді қамаудан босату туралы өтініш те қабылданбаған.

Сонымен бірге Б.Бектасовтың айтуынша, айыпкерлердің адвокаттары істі қосымша тексеруге жіберу туралы өтінішті қайта жолдай алады. "Біздің қолымызға Оңтүстік Қазақстан облысында кубалық дәрігерлердің жұмыс істегені туралы құжат түсті. Олардың пікірі қылмыстық тергеу органдары келтірген пікірден біршама айырмашылықта",- деді адвокат. "Менің пайымдауымша, бұлардың бәрі де басты сот талқысы барысында тексеріледі. Егер оның бәрі назарға ілігіп жатса, онда біз істі қосымша тексеруге жіберу туралы өтінішті қайта жолдай аламыз",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қаңтарда Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Атап айтсақ, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова, оның орынбасары Рахима Қуандықова, ҚР медициналық қызмет көрсету саласын қадағалау жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бұрынғы төрағасы Рысқұлбек Байқарашев пен оның бұрынғы орынбасары Орынбасар Қашқалиұлының, сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Ташмұхан Тойбеков пен оның орынбасары Нағима Тіленшинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны