13.01.2017, 21:12 4658

Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты екі айға тұтқындауға шешім шығарды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"12 қаӊтар күні Астана қаласы Алматы ауданыныӊ №2 аудандық соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты "тұтқындау" бұлтартпау шарасын тағайындады. Бишімбаев топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Қуандық Бишімбаев екі ай мерзімге тұтқындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы 10 қаӊтар күні министрдіӊ ұсталғанын хабарлаған еді. Ол топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынды. Тергеушілердіӊ тұжырымынша, заӊсыз түрде алынған ақшалай қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жұмсаған.

Қуандық Бишімбаевтыӊ орнына Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ сыртқы істер министрлігініӊ басшылық құрамымен кездесу кезінде ұлттық экономика министрлігінде болып жатқан кадрлық ауыс-түйіс жайлы айтты.

"Министр Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босады. Қазіргі сәтте оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны