11.08.2015, 14:33 3280

Сот "ЭКСПО-2017" АҚ-ныӊ экс-басқарушы директорын қамауға алу мерзімін ұзартты

Астана қаласы Алматы ауданыныӊ №2 соты "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ныӊ құрылыс жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинховты қамауға алу мерзімін ұзартты

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Астана қаласы Алматы ауданыныӊ №2 соты "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ныӊ құрылыс жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинховты қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматы ауданыныӊ №2 сотымен ҚР ҚК-ніӊ 176 бабы 4-бөлігініӊ "б" тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Суламбек Баркинховке қатысты бұлтартпау шарасыныӊ мерзімін ұзартуға байланысты тергеушініӊ өтінішін қанағаттандырды", - делінген Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға дейін, яғни 2015 жылдыӊ 17 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны