Тергеушілер тұтқындауды ұзарту туралы бастама көтерді. Сөйтіп 2021 жылдың 12 ақпанында сот мерзімді наурыздың соңына дейін ұзартты. Сондай-ақ, мен президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіріп, Біртановтың заңсыз қудаланып жатқанына назар аударуын сұрадым. Бірақ менің өтінішім оған жетпей қала ма деп алаңдаймын", – деді Куряченко.
Адвокат Куряченко президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіріп, Біртановтың заңсыз қудаланып жатқанына назар аударуын сұраған.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тергеуде жатыр. Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Ақпараттық жүйелерді құру үшін бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.