02.02.2012, 13:33 3078

Сот Евгений Жовтис пен Тоқнияз Күшіковты рақымшылық бойынша бостандыққа шығару туралы шешім қабылдады

Рақымшылыққа іліккен екі сотталушы да бостандыққа 15 күннен кейін шығатын болады.

Алматы. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше Өскеменнің сот танымал қоғамдық құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен "Время" газетінің журналисі Тоқнияз Күшіковты рақымшылық бойынша бостандыққа шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін Өскемендегі қоныс колониясында сот танымал қоғамдық құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен "Время" газетінің журналисі Тоқнияз Күшіковты рақымшылық бойынша бостандыққа шығару туралы шешім қабылдады",- деп хабарлады Қазақстанның адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросынан.

Рақымшылыққа іліккен екі сотталушы да бостандыққа қабылданған шешім күшіне енгеннен кейін, 15 күннен соң шығатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, екі азамат та 2009 жылы жаяу жүргіншіні көліктерімен қағып өлтіріп, 4 жылға сотталған.

Мерзімдерінің тең жартысынан астамын Өскемендегі қоныс колониясында өткізген олар бүгінгі сот отырысында өздерін сот залынан "бірден босатады" деген үмітпен келіпті. Тіпті Евгений Жовтис осы ойын айтып, өз өтінішін де білдірді. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмай тастады. Сондықтан Жовтис пен Күшіков тек екі аптадан соң ғана үйлеріне қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны