02.09.2009, 18:14 3170

Сот ісіне заңсыз араласу деректері жайлы Жоғарғы соттың сайтында жарияланып отыратын болады

Сот ісіне заңсыз араласу деректері жайлы Жоғарғы соттың сайтында жарияланып отыратын болады

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сот ісіне заңсыз араласу деректері жайлы Жоғарғы соттың сайтында жарияланып отыратын болады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Нұрлыбек Сәрсенов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сот ісіне заңсыз араласу деректері жайлы соттарда тіркеуге алатын арнайы журнал ашылады және жазбаша мәлімдемелер Жоғарғы соттың ресми сайтында міндетті түрде жария етілетін болады, сол үшін онда "Нақты сот істері бойынша заңсыз өтініштер жасау деректері жайлы ақпарат" деген арнайы айдар жасалды", - деді Н. Сәрсенов.

Оның айтуынша, бұл жаңалық ҚР Жоғарғы сотының 2009 жылдың 26 тамызындағы "Судьялардың тәуелсіздігін одан әрі қамтамасыз ету, сот қызметіне заңсыз араласудың алдын алу және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жөніндегі" бұйрығында қарастырылған.

"Журнал электронды түрде түрде жүргізіледі, біртұтас автоматтандырылған жүйеде болады, онда жазбаша және ауызша жасалған заңсыз өтініштер тіркеліп отыратын болады", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, сондай-ақ, арызданушының келген уақыты, келген адамға қатысты мәліметтер, өтініштің қысқаша мазмұны, істің реквизиттері және арыздың кімге бағытталғаны жайлы мәліметтер тіркелетін болады.

"Сот төрағасы журналдағы мәліметтермен ауық-ауық танысып тұруға міндетті. Тиісті арыздар тіркелген жағдайда, олардың сипатына қарай, арызды құқық қорғау және тиісті басқа да органдарға сот қызметіне заңсыз араласу деректері бойынша мәлімдеме жіберу жөнінде сот төрағасы шешім қабылдайды", -деді Н. Сәрсенов.

Өз кезегінде Жоғарғы соттың отставкадағы судьясы Раиса Юрченконың айтуынша, "әділеттілікті жүзеге асыруға араласу оқиғасы бойынша Қылмыстық кодексте бап бар, онда әлдекімнің судьяға ықпалын жүргізуге және қорқытып-үркіту, қоқан-лоққы жасау, сатып алу және басқа да амалдармен әділеттілік орнатуға заңсыз кедергі келтіруге әрекеттену дерегі дәлелденген жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны