04.04.2016, 13:10 3649

"Сот кабинеті" сервисінде азаматтардыӊ уақытын үнемдеу үшін "апостильдеу" жаӊа функционалы іске қосылды

Қазақстан Республикасыніӊ Жоғарғы Соты "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметін оӊтайландыру мақсатында "Сот кабинеті" сервисінде жаӊа "апостильдеу" функционалын іске қосты

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыніӊ Жоғарғы Соты "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызметін оӊтайландыру мақсатында "Сот кабинеті" сервисінде жаӊа "апостильдеу" функционалын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Апостильдеу" функционалы арқылы ресімдеуге тиісті құжаттарды алу үшін азамат сотқа сот актісініӊ көшірмесін беру туралы өтініш жолдайды.

Сот мұрағатынан қажетті сот актісі табылған жағдайда, оныӊ көшірмесі өтініш берушініӊ жеке кабинетіне жолданып, Салық кодексіне сәйкес, көшірмені алу үшін тиісті мемлекеттік баж салығын төлеу туралы ақпарат жолданады.

Егер қажетті сот актісі сот мұрағатынан табылмаса, ол туралы ақпарат өтініш берушіге жолданып, мемлекеттік мұрағатқа хабарласу қажеттігі ескертіледі.

Мемлекеттік баж салығы төленгендігі туралы мәлімет алынған соӊ, сот актісініӊ көшірмесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныӊ жанындағы Соттардыӊ қызметін қамтамасыз ету департаментіне апостиль қойылу үшін жолданып, ол туралы өтініш берушіге хабарланады.

Өтініш беруші Департаментке тиісті құжаттыӊ жолданғандығы туралы мәлімет алған соӊ, Департаментке апостиль қою туралы өтініш жолдап, айлық есептік көрсеткіштіӊ (АЕК) 50 пайызын құрайтын мемлекеттік баж салығын төлейді.

Сот актісініӊ көшірмесін беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу мен апостиль қою барысында сот органдарыныӊ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде төлем құжаты қалыптастырылады. Сонымен қатар, "Сот кабинеті" сервисін пайдаланушы жоғарыда аталған баж салығын онлайн режимде төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Тиісті сот актісініӊ көшірмесі түскен кезде Департаменттіӊ жауапты қызметкері құжатқа мөр мен қолтаӊба қойып, апостильдейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде апостильденген құжат өтініш берушініӊ қолына беріледі немесе пошта байланысы арқылы жолданады.

Сотқа сот актісініӊ көшірмесін беру туралы өтініш түскен сәттен бастап, апостильдеуге жататын құжаттыӊ "Төрелік" ақпараттық жүйесі арқылы Департаментке келіп түсу сәтіне дейін Департаменттіӊ жауапты қызметкері жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтіӊ тиісті деӊгейде әрі уақытылы көрсетілуін қатаӊ қадағалайды.

Мемлекеттік қызметтіӊ көрсетілуін оӊтайландыру оныӊ қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Сот актісініӊ көшірмесін алу және оны апостильдеу үшін азаматтарға сот ғимараттарына қағаз құжаттарды алып келудіӊ қажеті жоқ. Электрондық цифрлық қолтаӊбасы бар азамат кез-келген жерден апостиль қою туралы өтінішін электронды түрде жолдай алады.

Өтініш беруші өзі жолдаған өтінішініӊ қаралуы бойынша жеке кабинетіне келіп түсетін ақпараттар арқылы хабардар болады.

Жоғарғы Сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны