21.01.2015, 10:53 4007

Сот қоршаған ортаға келтірілген залал орнын толтыру туралы Ақмола облысы бойынша экология Департаментініӊ шағым талабын қанағаттандырды

Ақмола облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ шешімімен Ақмола облысы бойынша экология Департаментініӊ "Гормолзавод" ЖШС-нан келіп түскен мемлекет пайдасына 4 160 407 теӊге өндіріп алу туралы шағым талабы қанағаттандырылды

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ шешімімен Ақмола облысы бойынша экология Департаментініӊ "Гормолзавод" ЖШС-нан келіп түскен мемлекет пайдасына 4 160 407 теӊге өндіріп алу туралы шағым талабы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот анықтағандай, 2012 жылдыӊ қаӊтар айынан мамыр айына дейінгі аралықта "Гормолзавод" ЖШС қажетті рұқсатнама құжатынсыз-ақ, қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған, яғни экологиялық сараптамадан өтпей-ақ, өндірістік қызметті жүзеге асырған, сөйтіп атмосфераға залалды қалдықтардыӊ шығарылуына міндетті төленетін төлемақыны төлемеген.

Экология кодексініӊ 69-бабы 1-тармақшасына сәйкес, жылжымалы көздерден туындайтын ластағыз заттардыӊ шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды рұқсат алуға міндетті.

Сот шешімі заӊды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны