03.09.2007, 13:25 1481

Сот шешімімен батыс аймағында теміржолдағы ірі базарлардың бірі жабылды

Ақтөбе облысында көптеген тазалық талаптарын бұзғаны үшін сот шешімімен батыс аймағында теміржолдағы ірі базарлардың бірі - Шалқар станциясында орналасқан "Нұрбол" базары жабылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АҚТӨБЕ. Ақтөбе облысында көптеген тазалық талаптарын бұзғаны үшін сот шешімімен батыс аймағында теміржолдағы ірі базарлардың бірі - Шалқар станциясында орналасқан "Нұрбол" базары жабылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне теміржолдағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау мекемесінің Батыс аймақтық басқармасы хабарлады.

Бұл мекеменің бас маманы Самат Наурызалиннің хабарлағандай, базардың иесі көптеген заң бұзушылықтарды жою туралы санитарлық нұсқауды жарты жылдан астам уақыт бойы орындамаған.

Атап айтқанда, С. Наурызалиннің мәліметтеріне сүйенсек, мамандар кәсіпкерден тазалық ережесінің талабы бойынша базарды функционалдық бөлімдерге: сату, қойма және шаруашылық бөлімдерге бөлуді, сонымен қатар сауда орындары мен сөрелерді ретке келтіруді талап еткен. Сонымен қатар базар басшылығы мұздатқыш камералар орнатып, өнімдерді сақтау үшін қойма ғимараттарын және сөре-жаймаларды жабдықтауға тиіс болған. Осы күнге дейін олардың жоқтығынан барлық тауар, соның ішінде азық-түлік те жерде сақталып келген. Тексеру көрсетіп отырғандай, базар аумағы тазаланбаған, қоқыстар дер кезінде шығарылмаған, сондай-ақ қалдықтарды жинайтын бетон төселген контейнерлер қойылған алаң да болмаған, ал базардың өзі тазалық құралдарымен қамтамасыз етілмеген.

"Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар үшін базар иесіне айыппұл салынды",- деп хабарлады С. Наурызалин. Бірақ базар басшылығы санитарлық дәрігерлердің талаптарына қарсылық танытқан. Осыған байланысты материал Ақтөбе облысының арнаулы ауданаралық экономикалық сотына жіберілген болатын. "Сот бірінші сатыда біздің шағымымызды қанағаттандырды. Бірақ базар иесі облыстық сотқа апелляциялық шағым берді",- деп хабарлады С. Наурызалин.

Ақтөбе облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен кәсіпкердің шағымы қанағаттандырусыз қалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны