18.06.2015, 14:02 4042

Сот Талғат Ермегияевтіӊ мүлкін бақылауға алуға санкция берді

Бүгін Астана қалалық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтіӊ мүлкін бұғаттау туралы өтінімді қанағаттандырды

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қалалық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасыныӊ бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтіӊ мүлкін бұғаттау туралы өтінімді қанағаттандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана қаласындағы Алматы ауданыныӊ №2 аудандық сотына Талғат Ермегияевтіӊ мүлкін, дәлірек айтқанда "Са-Бек" ЖШС (үлестік қатысу дәрежесі - 30 пайыз) жарғылық капиталдары, "ТКМ" ЖШС (үлестік қатысу деӊгейі - 30 пайыз), "Глобус Алматы" ЖШС (үлестік қатысу деӊгейі - 50 пайыз), "ХОЗУ-Транс" ЖШС (үлестік қатысу деӊгейі - 100 пайыз), "Рахат-АВТО" ЖШС (үлестік қатысу деӊгейі - 18 пайыз), "Глобус Астана" ЖШС (үлестік қатысу деӊгейі - 50 пайыз) үлесіне арест қоюға санкция беру туралы өтінім келіп түскен", делінген Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметініӊ хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өтінім Т. Ермегияевке қатысты қозғалған ҚР ҚК-ніӊ 176-бабыныӊ 4-бөлімі "б" бөлігінде қарастырылған (мүлкін тәркілеу) талапқа байланысты қанағаттандырылды.

Еске сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 12 маусымнан бері Астана қаласы Алматы ауданы № 2 аудандық сотыныӊ қаулысымен үй қамаққа алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны