18.07.2008, 14:54 1520

Сот зиянды заттардың шығу көзін анықтау үшін Қытайда өндірілген вагондарды бөлшектеуге қаулы шығарды

Сот зиянды заттардың шығу көзін анықтау үшін Қытайда өндірілген вагондарды бөлшектеуге қаулы шығарды

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Сот зиянды заттардың шығу көзін анықтау үшін Қытайда өндірілген вагондарды бөлшектеуге қаулы шығарды. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Ақтөбедегі екі инстанциялы сот біздің іс-әрекеттерімізді қолдап, вагондарда зиянды заттардың бар екенін мойындады. Қазір Астанада сот талқысы өтуде, жуырда ғана бірінші отырыс өтті. Бірақ, осы вагондарды елге әкелген "Астана-финанс" компаниясына зиянды заттардың қайдан шығып жатқанын анықтауды міндеттеген сот шешімі бар. Вагондарды бөлшектеп, зиянды материалдарды анықтап, оларды ауыстыру жөнінде шешім қабылданды", -деді А. Белоног.

"Соттың нұсқауымен сарапшылық комиссия құрылды, ол вагондарды өңдеуге пайдаланылған материалдарды зерттейді. Оның құрамына Көлік және коммуникация министрлігі, "Астана-финанс" АҚ өкілдері, Қазақстанның жетекші токсиколог ғалымдары мен ресейлік кеңесшілер кірді", -деді бас санитарлық дәрігер.

Ол сондай-ақ, аталған вагондарды пайдалануды тоқтата тұру туралы сот шешімі болғанымен, оның орындалмай отырғанын атап өтті. "Ақтөбе мен Алматының ортасында қатынайтын 92 вагон әлі де жүріп жатыр. Бірақ қазір 40 астам вагон жолдардан алынды, өйткені, оларда жарықшақтар пайда болған. Транспорттық техникалық қадағалау қызметі әзірге оларды пайдалануды тоқтата тұруға ұйғарды".

Қазақстан аумағына Қытайда өндірілген вагондардың жаңа партиясы әкеліне ме деген журналистер сауалына бас санитарлық дәрігердің берген сауабына сенсек, қазір шекарада 19 осындай вагон тұр, "бірақ, олар елге әкелінбейді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны