09.06.2016, 20:17 3958

Сотталғандар "Астана ЭКСПО-2017"ҰК-ға 8 млрд теӊгеден астам қаржы қайтаруы тиіс

Бүгін елордада аса ірі көлемде бөтенніӊ мүлкін жымқырды деп айыпталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ экс-басшысы Талғат Ермегиявке қатысты сот үкімі шықты. Сот Ермегияевті кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленуімен 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімінде сотталғандардыӊ үлестік тәртіппен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ға қанша сома қайтаратыны да көрсетілген

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін елордада аса ірі көлемде бөтенніӊ мүлкін жымқырды деп айыпталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ экс-басшысы Талғат Ермегиявке қатысты сот үкімі шықты. Сот Ермегияевті кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленуімен 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімінде сотталғандардыӊ үлестік тәртіппен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ға қанша сома қайтаратыны да көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ талап-арызын жарым-жартылай қанағаттандыруды қаулы етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"АҚ пайдасына үлестік тәртіппен: Ермегияевтен - 5 млрд 901 млн 445 мыӊ 90 теӊге, Тұматаевтан - 3 млн 424 мыӊ 483 теӊге, Баркинхоевтан - 10 млн 273 мыӊ 349 теӊге, Омаровтан - 1 млрд 354 млн 560 мыӊ 899 теӊге, Медеуовтен - 395 млн 235 мыӊ 47 теӊге, Пірметовтен - 202 мыӊ теӊге, Дәулетбаевадан - 395 млн 239 мыӊ 947 теӊге өндіріліп алынсын. Мемлекет кірісіне қанағаттандырылған талап-арыз сомасынан мемлекеттік баж өндірілсін: Ермегияевтен - 177,1 млн теӊге, Тұматаевтан - 102 мыӊ теӊге, с Баркинхоевтан - 308 мыӊ теӊге, Омаровтан - 40,3 млн теӊге, Медеуовтен - 11,8 млн теӊге, Перметовтен - 6 мыӊ теӊге, Дәулетбаевадан - 11,8 млн теӊге". Ермегияев, Тұматаев, Баркинхоев, Омаров, Перметов, Дәулетбаева, Медеуовке азаматтық талап-арыз бөлігіндегі үкімді ерікті түрде орындау үшін бір ай мерзім белгіленсін" - деп оқыды үкімді судья Иділхан Шайхисламов.

Бұған дейін Т.Ермегияевтен тәркіленетін мүліктіӊ көлемі хабарланған болатын.

Естеріӊізге сала кетейік, 4 сәуірде Астанада Ермегияевтіӊ ісі бойынша сот басталды. Алғашқы күні бас сотталушыныӊ ақша жымқыру тәсілі әшкере болып, 14 айыпталушы өз кінәсін мойындады. Кейін жемқорлық ісіне қатысушылар Талғат Ермегияевке пара берілгендігін растады. Алынған алғашқы параныӊ сомасы 350 млн теӊгені құраған. Сондай-ақ параға берілетін қаражат қолма-қол ақшаға қалай айналдырылғаны белгілі болды. Параға алынған ақшалар коттедж тұрғызу және элиталық баспана жалдауға жұмсалған.

Тыӊдау барысында тендерлер өрескел заӊ бұзушылықтармен өткізілгені, тендерлерде баға ұсыныстарыныӊ асыра көрсетілгені, жобалау-сметалық құжаттамасыз құрылыс жүргізілгені анық болды. Сондай-ақ куәгерлер Ермегияевтіӊ басшылығымен орындалған жұмыстардыӊ актілеріне қалай қол қойылғаны, параға берілген ақшаға Ермегияевтіӊ пәтерін қалай жабдықтағандарын, "Астана ЭКСПО" ҰК құжаттарын толтыру кезіндегі заӊ бұзушылықтар туралы айтып берді.

Бүгінге дейін алынған еӊ үлкен параныӊ көлемі 2,4 млрд теӊге болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны