04.03.2011, 17:19 3485

Сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсеткен тергеу абақтысының қызметкерлері 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсеткен тергеу абақтысының қызметкерлері 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - Сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсеткен тергеу абақтысының қызметкерлері 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семейде қамауға алынғандарға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен тергеу абақтысының қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

"Иділет органының төрт қызметкері, яғни бір майор және оның қызметтестері екі бап бойынша айыпталуда",- деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Тергеу болжамдары бойынша, олар қамауға алынған адамға қылмысты мәжүбірлеп мойындату үшін зорлық-зомбылық көрсеткен. Нәтижесінде зорлық көрген жігіт адам зорлау қылмысы бойынша сотталып кете барған. Сараптама жәбірленушінің миы қозғалып, денелері алған жарақаттарының салдарынан көгергендігін растаған. Енді тергеу абақтысының қызметкерлері 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін",- деп айтылған бейне түсірілімде.

Жәбірленушінің туыстары ұлдарын түрмеден шығарып алуды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны