03.12.2015, 19:41 4420

Сотталушы Б.Ибдішевтіӊ адвокаты жарыссөз барысында қорғалушысыныӊ кінәсіздігін дәлелдей алмады

Қарағанды облыстық сотында "Серік Ахметов ісі" және өӊірдіӊ басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты тараптардыӊ жарыссөзі өтуде

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық сотында "Серік Ахметов ісі" және өӊірдіӊ басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты тараптардыӊ жарыссөзі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушыныӊ сөз сөйлеуі барысында тергеу амалдары барысында қол жеткізілген айғақтар мен куәгерлерден алынған түсініктер іс фигуранттарыныӊ қылмысқа тікелей қатысы бар екендігін дәлелдейтіндігі белгілі болды. Осыныӊ негізінде прокурор С.Ахметовті мүлкін тәркілеп, 5 жылға жауапті мемлекеттік қызметпен айналысуына шектеу қоя отырып, 12 жылға бас бостандығын айыруды сұрады. Қалған сотталушылар 3-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жарыссөз барысында кезек сотталушылардыӊ адвокаттарына келіп жетті. Алғашқы болып Қарағанды облысыныӊ бұрынғы әкімі Бауыржан Ибдішевтіӊ қорғаушысы Нұрлан Бекбергенов сөз алды. Оныӊ қорғалушысына прокуратура 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Қорғаушыныӊ сөздері Б.Ибдішевтіӊ жазықсыздығын дәлелдеуден гөрі тергеушілер мен прокурорларды айыптау түрінде болды әрі оныӊ негізсіз екендігі анық байқалып тұрды.

Біріншіден, алғашқы минуттардан-ақ Н.Бақбергенов тергеу амалдары барысында аталған істе куәгерлігі нақты нәтижелер беретін куәлердіӊ шақырылмағандығын айтты. Бірақ, бірден, қорғаушыныӊ оларды шақыруға мүмкіндігі бола тұра оны неліктен пайдаланбады деген сауалдыӊ туындайтындығы анық. Демек, қорғаушылар тарабынан ондай адамдардыӊ мүлдем болмағаны ғой.

Екіншіден, адвокат тергеу барысында қылмыстыӊ басқа да нұсқалары қарастырылмағандығын тілге тиек еткенімен оныӊ қандай нұсқа екендігін айта алмады.

Үшіншіден, Н.Бебергенов жекелеген тергеушілердіӊ "қиял-ғажайып" сөздеріне бой алдырды деп мемлекеттік органдарды айыптай бастады.

Төртіншіден, тергеу амалдары барысындағы Б.Ибдішевтіӊ барлық мойындау түсініктемелері органдардыӊ қысымы барысында алынды дейді. Бұл мәселе барынша қызығушылық туындатады. Өйткені, Ибдішев те, оныӊ адвокаттары да осы уақытқа дейін бұл жайында мәлімдеме жасамаған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны