30.05.2016, 14:34 4052

Соттыӊ айыптау үкімі шықса, Талғат Ермегияев мүлкі тәркіленіп, 14 жылға еркіндігінен айырылуы мүмкін

Сот Талғат Ермегияевтіӊ кінәлі екенін дәлелдейтін болса, оныӊ мүлкі тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сот отырысы барысында прокурор осындай мерзімді атады

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Сот Талғат Ермегияевтіӊ кінәлі екенін дәлелдейтін болса, оныӊ мүлкі тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сот отырысы барысында прокурор осындай мерзімді атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атышулы іс бойынша басты күдіктіге жалпы алғанда 4,2 млрд теӊгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Айыптаушы тараптыӊ дәйектері бойынша, ол қызмет бабын пайдалана отырып ақша жымқырған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Айтылғандардыӊ (ұсынылған айғақтар - ескерту) негізінде соттан Ермегияев Талғат Амангелдіұлын ҚР ҚК 311-бабы 5-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеп, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға өмір бойы құқығынан айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жасасын тағайындауды сұраймын. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлімі негізінде түпкiлiктi жаза аса қатаӊ емес жазаны неғұрлым қатаӊ жазаға сiӊiру арқылы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға өмір бойы құқығынан айыра отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жасасын тағайындауды сұраймын. Жазасын қатаӊ режимдегі түзеу колониясында өтесін", - деп оқыды Илібек Айтжанов.

Аталған істе қамқоршылық жасағаны үшін мердігер компаниялардан пара алуға қатысты бес ірі эпизод айқындалған.

Бірінші эпизод - "Rona LTD" жобалық ұйымынан алынған пара. Аталмыш компания "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі құрылысыныӊ техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қол жеткізбекші болған. Бұл істі мақсат еткен компания өкілі Орал Ибадилдина көп ойланбай ақшаныӊ бір бөлігін, нақтысы - 780 миллиондай теӊгені Ермегияевке беруге келіскен. Жұмысты мұқият орындаумен қатар, "Rona" ТЭН құнын 447 миллиард теӊгеге өсіруді міндетіне алған. Алайда, жауапты органдар Ермегияевтіӊ заӊға қайшы әрекеттеріне дер кезінде тосқауыл қоя білді.

Келесі эпизод көрменіӊ құрылыс алаӊыныӊ айналасын уақытша қоршауды жобалау және орнату барысында 342,4 миллион теӊгені жымқыруға қатысты.

Сотта бірнеше сарапшы аталған мәселе бойынша сөз алғанын айта кетейік. Олардыӊ айтуынша, уақытша қоршау үшін ТЭН жасаудыӊ қажеті болмаған. Оларды ғимаратты салатын компаниялар салынатын нысанныӊ айналасына өздері орнатуы тиіс көрінеді.

Осыған байланысты бұл эпизод түбірімен қаражат жымқырудыӊ бір әдісі болған секілді. "Rona LTD" жобалау ұйымы қоршау салудыӊ ТЭН 848,8 миллион теӊгеге бірақ шарықтатқан. Ал құрылыс сараптамасы көрсеткендей, оныӊ тек 438,5 миллионы ғана жұмсалған. Ал арадағы айырмашылық іс-түссіз жоқ болған.

Аталған құрылыс алаӊындағы метал профлисттен жасалған қоршауды көпшілігі көрген шығар деген ойдамыз. Сірә, шығыстар сметасыныӊ басты бөлігін түрлі-түсті баннерлер құраса керек.

Үшінші эпизод - көрме аумағынан коммуникациялық желілерді шығару кезіндегі ақша ұрлығы.

Көрменіӊ алғашқы нысандарыныӊ құрылысы басталған соӊ мәселе туындайды. Атап айтқанда, құрылыс алаӊдары астынан өтетін құбырлар дірілдіӊ салдарынан жарыла бастаған. Осыныӊ салдарынан жақын маӊда орналасқан тұрғын үйлердіӊ сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қауіп төніп, сол себепті жүйелерді құрылыс аумағынан көшіру жөнінде шешім шығарылады.

Мұныӊ бәрі 2014 жылы бюджет бекітілген соӊ орын алған жәйттер еді. Алайда, құбырлардыӊ жарылуы тоқтамай, осыған байланысты "Сембол" құрылыс компаниясынан ақша жағынан жәрдем сұралған. Қысқа уақыт ішінде жүргізілген келіссөздер мен ұлттық компания басшылығы тарапынан көрсетілген аздаған қысымнан кейін "Сембол" бірден 950 миллион теӊгені бере салған.

Қаражат түскен соӊ тез арада бір көзден сатып алу жүргізіледі. Жұмысқа мердігер ретінде "SOUTHFORK ltd" компаниясы таӊдалып, оныӊ басшылығы тапсырыс берушіге берілетін пара жайлы да білген.

Дегенмен, 731,8 миллион теӊгеніӊ жұмысы қабылданғанымен, ақысы 695,2 миллион теӊге көлемінде төленген. "SOUTHFORK ltd" директорыныӊ "ақша қайда?" деген сұрағына Ермегияев шығындарды ақтап шығатындай тағы тапсырыс беретінін айтып шығарып салған. Ал бұл мердігер әлі күнге дейін "Сембол" компаниясы алдында берешек болып отыр.

366 миллион теӊге осылайша қалтаға басылды. Ақшаныӊ бір бөлігі, айыптаушы тараптыӊ айтуынша, Астана іргесінде екі коттедж құрылысына, Алматы облысында аӊшылық үйін салуға жұмсалған.

Тағы бір эпизод бірнеше маӊызды нысанныӊ, оныӊ ішінде көрме ұйымдастырушыларыныӊ кеӊсесі, қоймалар және т.б. құрылысын жүргізуге "Компания АДС" ЖШС тартуға қатысты болып отыр.

Айта кетейік, "Компания АДС" осындай жұмыстарды орындауға сәйкес келмесе де, Ермегияевтіӊ шешімімен мекеме жұмысқа қосылыпты. Есеп-шотқа аударылған 15,254 миллиард теӊгеніӊ 7,7 миллиард теӊгені жымқырылған.

Соӊғы эпизодта халықаралық аренада көрмені насихатталуы қарастырылды. Бұл іске испаниялық "J&G Consultoria de Ferias S.L." компаниясы бел шеше кірісті дегені болмаса, шын мәнінде ол "Астана ЭКСПО" компаниясыныӊ штаттан тыс қызметкерлеріне еӊбекақы төлеуге, басшылыққа сыйлық сатып алуға және қонақ үй кешені құрылысына жұмсалған. Айтпақшы, осы қонақ үй кешенініӊ құрылысы аяқталмаған күйі шығынныӊ өтемақысы ретінде қайтарылды. Барлығы осы эпизод бойынша 1,7 миллиард теӊге жымқырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны