25.11.2020, 23:31 11408

Сoursera-да тегін оқу мүмкіндігі алматылықтар үшін ақпан айына дейін ұзартылды

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен әлемнің жетекші университеттерінен тегін түрде 5000 адамға курстан өтуге мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізді.

Алматы. 25 қараша. Kazakhstan Today - Алматылықтар Сoursera-да ақпан айына дейін тегін оқи алады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Цифрландыру басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен әлемнің жетекші университеттерінен тегін түрде 5000 адамға курстан өтуге мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізді.

Бұған дейін өтінім беру мерзімі қазан айының соңына дейін болса, сабақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін берілді, ал қазір тегін оқу мүмкіндігі 2021 жылдың ақпанына дейін ұзартылды. Бұл мүмкіндік ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін тіркелген адамдар үшін қол жетімді.

"Бұл бағдарлама өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр, осыған байланысты оны ұзарту туралы шешім қабылдадық. Бұл үздік университеттер мен ірі әлемдік компаниялардың дипломдарын, сертификаттарын алудың тамаша мүмкіндігі", - деп атап өтті Б.Қоңырбаев.

Жоғары сұранысқа ие кустардың ондығына Communication, Computer Programming, Mathematics, Probability and Statistics, Statistical Programming, Data Analysis, Leadership and Management, Entrepreneurship, Theoretical Computer Sciences және Finance кіреді.

Алматылықтар орта есеппен 2 курстан өтеді, бұл жас мамандардың кәсіби дамуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға деген құлшыныстары мен сұраныстарының барын білдіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны