19.10.2016, 19:46 6737

Созақ ауданында келер айдыӊ басында аудандық ардагерлер үйі пайдалануға беріледі

Ғимараттыӊ жалпы аумағы 263 шаршы метр. Мәжіліс залы, ардагерлерге арналған демалыс бөлмесі, сондай-ақ, басқада қажетті бөлмелермен қамтылған, деп хабарлайды әкімдік.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында келер айдыӊ басында аудандық ардагерлер үйі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды аудан әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, ораза айында Шолаққорған ауылында ардагерлер үйініӊ іргетасы қаланған болатын. Аталған ғимараттыӊ құрылысын облыстық мәслихаттыӊ депутаты Мағауия Тұрысбеков қаражыландырып, демеушілік көрсетіп отыр. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс нысанын аудан әкімі Мақсат Исаев пен облыстық мәслихаттыӊ депутаты М. Тұрысбеков аралады. Осы айдыӊ аяғы мен келер айдыӊ басы аралығында аудандық ардагерлер үйі пайдалануға беріледі.

Ғимараттыӊ жалпы аумағы 263 шаршы метр. Мәжіліс залы, ардагерлерге арналған демалыс бөлмесі, сондай-ақ, басқада қажетті бөлмелермен қамтылған, деп хабарлайды әкімдік.

Анықтамалық ақпарат: Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданныӊ аумақтық жер көлемі 41,04 мыӊ шаршы шақырым. Аудан көлемінде 10 ауылдық округ, 2 кент әкімшілігі тіркелген. Аталған әкімшіліктер қарамағында 35 елді мекен бар.

Аудан халқыныӊ саны 01.01.2016 жылға 60 756 адамды құрады. Оныӊ ішінде ерлер 29 770 адам (49%), әйелдер 30 986 адам (51%).

Аудан орталығы 1934 жылдан бастап Шолаққорған ауылы.

Жалпы қазақ жерініӊ ішінде Созақ өлкесі ұлы дүниеніӊ кішігірім модуліне ұқсайды. Келіншектау, Мыӊжылқы сияқты мұзарттарыныӊ басынан қар кетпесе, тау етегініӊ көк жонында егін егіп, мыӊғыртып мал өсіруге болады. Сексеуіл ормандары бүгінгі Мойынқұм, кешегі Көкшеқұм да осы Созақ ауданында.

Орта Азия халықтарыныӊ ежелгі миграция жолдарында орналасқан Созақ ауданы ертеден қалыптасқан қала құрылысы мәдениеті бар аймақ болып табылады. Аудан көлеміндегі әулиелі орындар, жүргізілген археологиялық зерттеулер біздіӊ өлкемізде осындай қалалардыӊ болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Созақ ауданы республикада тарихи-мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардыӊ бірі болып табылады. Мұнда есімдері бүкіл түркі әлеміне белгілі Баба Түкті Шашты Изиз әулие, Ысқақ баб, Қарабура әулие, Саӊғыл би, Бибі Мәриям ана, Ақбикеш сияқты қасиетті орындар бар. Бұлар аудандағы орта ғасырлық сәулет өнерініӊ белгілі қазыналары болып табылады. Сонымен қатар, суы шипалы "Қызылкөл" көлі орналасқан.

Созақ ауданы табиғаты жағынан айрықша аудандардыӊ бірі. Табиғаты, жан-жануарлары, тау-тоғайы, шексіз даласы, құмы, өзен-көлшіктері бір-біріне жалғасып ауысып жатады, табиғатты тамашалаушылар мен саяхаттаушыларға өте қолайлы аймақ.

Туристік әлеуетті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардыӊ болуы мен осы аймақтардыӊ рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар.

Аудан жер асты қазба байлықтарына өте бай. Қазіргі таӊда өндіріліп жатқан қазба байлықтардан бөлек газ, мұнай, тальк, мрамор, мыс, фосфор, ванадий, керамзит, әк, құрылыс материалдары және тағы да басқа қазба байлықтары молынан орналасқан.

Қазіргі таӊда Созақ даласы уран кенініӊ кеніші ретінде әлемге белгілі. Мұнда Қазақстанныӊ барланған уран байлығыныӊ теӊ жартысы шоғырланған. Ауданныӊ өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Таукен өнеркәсібініӊ тез дамуы пайдалы қазбалардыӊ, әсіресе уранныӊ экспортқа бағытталған өндірісімен байланысты.

Ауданымыздыӊ жер қойнауындағы қазба байлықтары, уран кен орындары, Күмісті аймағындағы алтын аралас құмды алтын кен орны, Герес және Үшбас фосфорит кен орны, Бессаз тальк кен орны, Придорожное және Орталық көмірсутекті кен орны, Қызылкөлдегі форма дайындау құмы кен орындары және минералды шикізаттары ауданныӊ тау-кен өндірісініӊ тұрақты дамуына талай жылдарға мүмкіндік береді.

Ластаушы заттардыӊ атмосфераға шығу көлемініӊ артуы, негізінен құрылыстыӊ дамуымен, автокөліктердіӊ саныныӊ артуымен, автокөлік майларыныӊ сапасыныӊ төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарыныӊ сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарыныӊ жойылу мәселелерініӊ шешілмеуімен байланысты. Созақ ауданыныӊ әлеуметтік саласыныӊ жағдайы тұрғындардыӊ табиғи өсімініӊ жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардыӊ басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады.

Ауданныӊ негізгі салаларыныӊ динамикасынан байқағандай, көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны