21.09.2016, 14:43 7006

Созақ ауданындағы ХІІІ-ХІV ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші - "Ақбикеш" мұнарасын қалпына келтіру жоспарлануда

Қазіргі таӊда "Ақбикеш" мұнарасын сақтап қалу, қайта қалпына келтіру, көркейту жұмыстарын қолға алу мақсатында арнайы қор ашу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Созақ ауданындағы ХІІІ-ХІV ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші - "Ақбикеш" мұнарасын қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, жергілікті атқарушы билік өкілдері болашақта тарихи құндылықты қайта жөндеп, қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Ол үшін нысанныӊ жобалық сметалық құжаты да әзірленген.

Ақпаратқа сәйкес, Созақ ауданыныӊ Қаратау ауылдық округіне қарасты Ақсүмбе елді мекеніндегі "Ақбикеш" мұнарасына уақытша қаптау жұмыстары жүргізілді. Ел арасында "Ақсүмбе" деген атауға да ие жәдігер ХІІІ-ХІV ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттік тізімге енгізілген.

Тарихи мұраны сақтап қалу мақсатында аудан әкімдігініӊ бастама көтеруімен және жергілікті тұрғындардыӊ қолдауымен реставрациялық жөндеу жұмыстарына дейін арнайы төзімділігі берік материалмен қаптама тігіліп, уақытша қаптау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмысқа "Қаратау" ЖШС-ніӊ басшылығы ерекше көӊіл бөліп, қажетті көлік техникаларымен қамтамасыз етті.

Қазіргі таӊда "Ақбикеш" мұнарасын сақтап қалу, қайта қалпына келтіру, көркейту жұмыстарын қолға алу мақсатында арнайы қор ашу жұмыстары жүргізілуде. Аталған қорға "Қаратау" ЖШС-ніӊ басшылығы көлемді қаржы аударатынын жеткізіп, өзге өндіріс орындарын да қолдау көрсетуге шақырды.

Тарихи деректерде "Ақбикеш" мұнарасын ХІІІ ғасырда Дешті-Қыпшақ тайпасы қарауылдық мұнара ретінде салынғаны жазылған. Мұнара биік жерде таудыӊ төмен қабатында орналасқан. Кезінде биіктігі 24 метр шамасындағы қарауылдық мұнара қазіргі таӊда 13 метр жобасында, құрылысы лайдан тұрғызылған. Осы күнге дейін мұнара табиғат әсерінен жартылай бұзылып, төбесі мүжіліп, қабырғаларын жаӊбыр шайып келген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны