15.10.2018, 15:11 7253

Созақ ауданыныӊ 90 жылдығына орай "Созақ-жыр, Созақ-сөз, Созақ-өнер" атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті

Ғылыми жиында 1985-1991 жылдары Созақ аудандық партия комитетініӊ бірінші хатшысы қызметін атқарған Д.Шерімқұлов, Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында Созақ ауданында тұӊғыш әкімі болып қызмет атқарған И.Омбаев, 1994-1999 жылдары Созақ ауданыныӊ әкімі болып қызмет атқарған Қ,Айтаханов сынды азаматтар құттықтау сөздерін арнап, өӊірдіӊ тарихынан сыр шертті.

Түркістан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Созақ ауданыныӊ 90 жылдығына орай Шолаққорған ауылы "Мыӊжылқы" мәдениет сарайында "Созақ-жыр, Созақ-сөз, Созақ-өнер" атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Созақ өӊірініӊ қазақ тарихындағы рөліне тоқталып, өӊір тұрғындарын ауданныӊ мерейтойымен құттықтады.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында: "Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, таӊы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атаулыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Оныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", - деп атап көрсеткен болатын. Түркістан облысында нағыз қасиетті де киелі жерлер көп. Соныӊ бірі де бірегейі, әулиелі, киелі, шертпе күйдіӊ отаны болған - Созақ ауданы. Тектi топырақ Созақ ұлттық әдебиетiмiздiӊ сирек дарын иесi Тәкен мен Сәуiрбектi, Асқар мен Төлеген, Бәтималарды өмiрге алып келдi. Теріскейдіӊ аяулы перзенті Асқар Сүлейменовше айтсақ, "Созақ дария...Созақ қария... Созақ мінез" дегені осында болса керек. Бүгінде Созақ ауданы өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы көш бастаушы аудандардыӊ біріне айналған. Бүгінгі атап өткен мерейлі той - жаӊа жетістіктіӊ, теріскейдегі тыӊ табыстардыӊ бастауы болсын", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ғылыми жиында 1985-1991 жылдары Созақ аудандық партия комитетініӊ бірінші хатшысы қызметін атқарған Д.Шерімқұлов, Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында Созақ ауданында тұӊғыш әкімі болып қызмет атқарған И.Омбаев, 1994-1999 жылдары Созақ ауданыныӊ әкімі болып қызмет атқарған Қ,Айтаханов сынды азаматтар құттықтау сөздерін арнап, өӊірдіӊ тарихынан сыр шертті.

Созақ ауданыныӊ 90 жылдық мерейтойына арналған конференцияда ауданныӊ өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімініӊ Грамотасымен және Алғыс хатымен марапаталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны