28.03.2007, 15:21 3214

СПИД лаңкестігімен орталықта есепте тұрғандар емес, бұзақылар айналысуда, деп санайды СПИД орталығының мамандары

АЛМАТЫ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы қаласының СПИД орталығы мамандарының пікірінше, СПИД лаңкестігімен орталықта есепте тұрғандар емес, бұзақылар айналысуда, және де олардың іс-әрекеттері ВИЧ індетін жұқтырғандардың өзіне қарсы бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз, бұл жағдайды СПИД лаңкестігі емес, адамдардың ВИЧ індетін жұқтырғандарға қарсы бағытталған бұзақылық әрекеттері, деп санаймыз",- деп мәлім етті бүгін баспасөз мәслихатында қалалық СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова.

Оның сөздеріне сүйенсек, есептегі ВИЧ індетін жұқтырғандардың барлығы да ауруды таратқаны үшін өздерінің қылмыстық жауапқа тартылатындығын біледі. Сонымен қатар, Г. Сүлейменова "олардың барлығы бір қауымдастыққа біріккен және де олардың арасында СПИД-агрессиясы жағдайына ұшырағандар жоқ", екендігін атап өтті.

Қалалық СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова, құқық қорғау органдары бұзақыларға қарсы шаралар қолданады, деген үмітте. "Біз ішкі істер департаментіне хат жолдадық, осымен айналысып жүрген адамдар құрықталады. Мен олардың арасында біздің есептегі ВИЧ індетін жұқтырғандар бола қомас, деп ойлаймын",- деді СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова.

СПИД орталығының директоры, оларға ВИЧ індеті жұқтырылған шприц инесін сұқты-мыс, деп 19 адамның жүгінгенін еске сала кетті. "Бұл адамдардың барлығы тексеруден өтті, және де олардан ВИЧ індеті анықталған жоқ",- деп атап өтті ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны