27.06.2016, 16:42 4148

Спирттік ішімдік ішкені және есірткі затын қолданғаны үшін жолаушы "Өскемен-Астана" әуе рейсінен түсірілді

Ағымдағы жылғы 25 маусымда Өскемен қаласы әуежайыныӊ Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясыныӊ "Өскемен-Астана" бағытындағы әуе кемесініӊ бортында жолаушы жанжал шығарғаны жөнінде хабарлама келіп түсті

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 25 маусымда Өскемен қаласы әуежайыныӊ Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясыныӊ "Өскемен-Астана" бағытындағы әуе кемесініӊ бортында жолаушы жанжал шығарғаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Борт жолсерігімен жанжалдасқан Астана қаласыныӊ 34 жастағы тұрғыны жоғарыда аталған рейстен түсіріліп тасталды.

Куәландыру актісініӊ қорытындысы азаматтыӊ орта дәрежеде масаӊ күйде болғандығын және медициналық емес есірткі затын тұтынғанын көрсетті.

Өскемен қаласы әуежайыныӊ ЖПБ қызметкерлері құқық бұзушыныӊ үстінен ҚР ИҚБтК-ніӊ 440 бабыныӊ 1 тармағы (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаӊ күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабыныӊ 1 тармағы (Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну) бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны