08.07.2018, 23:41 4106

Степногорлықтар Астананыӊ 20 жылдығы қарсаӊына қала күнін ерекше атап өтті

Степногорск қаласы өзініӊ 54 жылдығын тойлады. Биылғы жылы қала күні Елорданыӊ 20 жылдығына орайластырылды

Степногорск. 8 шілде. Kazakhstan Today - Степногорлықтар Астананыӊ 20 жылдығы қарсаӊына қала күнін ерекше атап өтті.

Степногорск қаласы өзініӊ 54 жылдығын тойлады. Биылғы жылы қала күні Елорданыӊ 20 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Степногорлықтар мен қала қонақтарына көптеген мерекелік іс-шаралар ұсынылды. Мереке 6-шы ықшам аудандағы жаӊа көпфункционалды спорт алаӊыныӊ және қаладағы "Махаббат аллеясы" ашылуымен басталды. Бұл жерде қазақстандық суретші Азат Баярлинніӊ екі авторлық мүсіндік композициясы орнатылып, қала тұрғындарыныӊ демалысы үшін жаӊа орын болды. Бұдан бөлек, SMART-STEP бизнес-инкубаторы, еӊ алдымен, жастар арасында кәсіпкерлік бастаманы табысты дамыту мақсатында ашылды.

Азаматтар үшін елеулі оқиға - "Өмір" зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығыныӊ ашылуы болды. Бұл жерде дағдарыс жағдайындағы тұрғындарға тегін және білікті мамандандырылған негізде, заӊды, психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтылып, әлеуметтік тұрғын үйде уақытша тұру мәселесі де қарастырылған.

Қала күні қарсаӊында көптеген түрлі және қызықты спорттық іс-шаралар жоспарланған. Көпфункциялы спорт алаӊыныӊ аумағында Workout жаттығулары бойынша жарыс өтсе, қаланыӊ басқа спорт алаӊдарында футбол, баскетбол және волейбол бойынша отандық командалардыӊ жарысы ұйымдастырылған. Степногорск қаласыныӊ қонақтары мен спорт сүйер қауым үшін "Степногорск-HALF MARATHON" өтті.

Степногорск қаласыныӊ әкімі Инуар Күмпекеев марафонныӊ ашылу салтанатында: "Дені сау ұлт - болашағы бар ұлт. Сондықтан, елімізде спортпен айналысуға толық жағдай жасалуда. Біз де қала жастарыныӊ салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылыстарын қолдауға тырысамыз", - дей келе, барша қауымды қала күнімен және Елорданыӊ 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Аталған мерекелік күнніӊ басты қонақтары ретінде 2000 жылғы Сидней Олимпиадасыныӊ чемпионы, ҚР бокс федерациясыныӊ вице-президенті Ермахан Ибраимов, бокстан 2004 жылғы Олимпиада ойындарыныӊ чемпионы, Вэл Баркер кубогыныӊ иегері, "Астана Арланс" бокс клубыныӊ ас директоры Бахтияр Артаев және Степногорск қаласыныӊ тумасы, қазақстандық боксшы, 2004 жылғы Олимпиаданыӊ қатысушысы, Азия чемпионы Нұрлан Кәрімжанов шақырылған. Бұл қонақтар қала бойынша бірнеше ашылу салтанаттарына қатысып, степногорлықтарды дүбірлі мерекемен құттықтады.

Қала тұрғындары үшін жаӊа және қызықты оқиғалардыӊ бірі - "граффити" суреттердіӊ тұсаукесері болды. Бұл стильдегі суретшілер қаланыӊ ландшафтындағы "бірегей белгісін" бейнелейтін қала тарихында өз таӊбаларын қалдырды.

Қалалық әкімдіктіӊ жанындағы сахнада Көкшетау қаласынан барған филармония оркестрі қатысқан концерттік бағдарламалар мен авторлық әндер байқауы өткен болатын.

Мерекелік күн шақырылған жұлдыздардыӊ қатысуымен OPEN-AIR және керемет отшашумен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны