17.04.2018, 19:11 3423

Степногорск қаласында "Мыӊ бұралған Ұлы Дала ордасы" балетініӊ премьерасы өтті

Бұл жоба Степногорск қаласыныӊ елорданыӊ 20 жылдығына арнаған сыйлығы болды. Балеттіӊ музыкасы мен либреттосын Қазақстан Композиторлар одағыныӊ мүшесі, өнер шебері және мәдениет бөлімініӊ басшысы Айсұлу Тани жазды.

Степногорск. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Степногорск қаласыныӊ әкімшілігі Ақмола облысы Мәдениет басқармасыныӊ қолдауымен Жастар сарайыныӊ сахнасында елордалық тыӊдаушыларына бір актілі "Мыӊ бұралған Ұлы Дала ордасы" балетініӊ премьерасын ұсынды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Бұл жоба Степногорск қаласыныӊ елорданыӊ 20 жылдығына арнаған сыйлығы болды. Балеттіӊ музыкасы мен либреттосын Қазақстан Композиторлар одағыныӊ мүшесі, өнер шебері және мәдениет бөлімініӊ басшысы Айсұлу Тани жазды. Ал режиссер-хореографы - Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясыныӊ хореографы - Гүлмира Ордабаева. Балеттіӊ жеке орындаушылары - Медина Нұрмағамбетова және Тимур Борисов.

Балет әрқайсысы астананыӊ көрікті жерлерініӊ сұлулығын сипаттайтын 10 суреттен тұрады. Хореография академиясы, "Шабыт" шығармашылық үйі, Бейбітшілік пен келісім сарайы және тағы басқалары басты кейіпкерді сәулет өнерініӊ әсемдігімен таӊ қалдырып, жақсы көзқарас қалыптастырады. Мұнда нәзік сезімдер мен алғашқы махаббатсыз болған жоқ, өйткені Астана - арман мен үміттіӊ қаласы! Балетке 116 адам қатысты. Ал, басты ерекшелігі - хореографияныӊ 4 түрлі бағыты - балет, халықтық, қазіргі заманғы, бал билерініӊ бірігуі болды. Сонымен қатар, барлық балет әртістері қаланыӊ әуесқойлық топтарыныӊ оқушылары, атап айтқанда, халықтық балет студиясы, "Серпантин", "Радуга", "Эксклюзив", "Нұр" ансамбльдері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны