13.09.2010, 14:10 3671

Степногорскде ЖЭО тиісті жөндеу жұмыстарының тек 30 пайызы ғана атқарылған

Степногорскде ЖЭО тиісті жөндеу жұмыстарының тек 30 пайызы ғана атқарылған. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Степногорскде ЖЭО тиісті жөндеу жұмыстарының тек 30 пайызы ғана атқарылған. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Д. Тұрғановтың хабарлауынша, "кейбір өңірлерде күзгі-қысқы кезеңнен бірқалыпты өту үшін бірқатар проблемаларды шешу қажет". Атап айтқанда Ақмола облысындағы Степногорск қаласындағы ЖЭО тиісті жөндеу жұмыстарының тек 30 пайызы ғана атқарылған",- деп нақтылап өтті ол.

"Қазақстанның электр станциялары мен электр желілерінің жалпы техникалық жағдайы күзгі-қысқы кезеңнен белсенді және табысты өтуімізге мүмкіндік береді",-деді Д. Тұрғанов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні 3 энергоблокқа, 23 қазандыққа және 17 турбинаға жөндеу жұмыстары бітті. Жылыту кезеңінің басына дейін кестеге сәйкес 2 энергоблокты, 26 қазандықты және 15 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр. "Бұл жылыту кезеңіне қалыпты режимде кіруге мүмкіндік береді", деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы қыркүйектің 10-дағы жағдай бойынша 25,6 мың шақырым электр желілері жөнделген. Бұл жоспардың 77 пайызын құрайды. Республикалық деңгейден төмен жөндеу жұмыстары Батыс Қазақстан (71 пайыз), Қызылорда (62 пайыз) және Оңтүстік Қазақстан облысында (68 пайыз) жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны