04.07.2011, 12:45 3786

Стинг Астана мерекесіне қатыспау туралы шешім қабылдады

Билеттерді кері қабылдау 7 шілдеден бастап астаналық Жастар сарайы мен Алматы және Қарағанды кассаларында жүзеге асады.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Стинг Астана мерекесіне қатыспау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Стинг Астанада концерт бермейтін болды. Бұл жөнінде бүгін Астанада елорданың 13 жылдығын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушы комитет штабы жанындағы медиа-топтың жетекшісі Жанар Колбачаева мәлімдеді.

"Астананың Туған күнін тойлау бойынша ұймдастыру комитеті осы жылдың 4 шілдесінде өтуі тиіс Стингтің концерті болмайтындығын үлкен өкінішпен хабарлайды. Иншінің гострольдерімен тікелей айналысатын "STCS management Компаниясы" қазақстандық тарапты ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты концет өткізілмейтіндігі жөнінде ескертті. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тарап әншіні Астанаға жеткізу бойынша міндеттемесін 100 %-ға орындады", - деді Ж. Колбачаева.

Оның айтуына сай, осы шараға билет сатып алған әрбір азамат үшін оның құны толық көлемде өтелетін болады. Концертке сатып алынған билеттердің ақшасы кем дегенде 5 мың адамға қайтарылмақ.

Билеттерді кері қабылдау 7 шілдеден бастап астаналық Жастар сарайы мен Алматы және Қарағанды кассаларында жүзеге асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны