21.07.2016, 16:48 3759

Стратегиялық маӊызы бар нысандардыӊ қауіпсіздігі билік назарында

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маӊызы бар Темір жол вокзалы мен Шымкент әуежайында болды

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маӊызы бар Темір жол вокзалы мен Шымкент әуежайында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдымен облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Темір жол вокзалыныӊ жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді.

Онда ол бейнебақылау камераларыныӊ талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейне бақылау орталығыныӊ жұмысын заман талабына сай етіп жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын алдын-алу мақсатында жолаушыларды тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдыӊ келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүӊгіршектерін алып тастауды тапсырды.

Сондай-ақ, Д.Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаӊадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардыӊ қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімініӊ бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеӊейтуді жүктеді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны