14.05.2013, 10:32 9711

Студент Тажаяқовтың қорғаушы жағы өз тексеруін бастады

Бостондағы жарылысты ұйымдастырушы Джохар Царнаевтың ісі бойынша айғақтарды жойды деп айыпталып отырған қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовтың ісі бойынша сот тыңдаулары кейінге қалдырылды.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Студент Тажаяқовтың қорғаушы жағы өз тексеруін бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бостондағы жарылысты ұйымдастырушы Джохар Царнаевтың ісі бойынша айғақтарды жойды деп айыпталып отырған қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовтың ісі бойынша сот тыңдаулары кейінге қалдырылды.

КТК телеарнасы А.Тажаяқовтың адвокатына сілтеме жасай отырып мәлімдегендей, заңгер 14 мамырға белгіленген тыңдауды кейінге қалдыру туралы сотқа өтініш жолдаған. Сот тыңдаулары алдағы отыз күн ішінде өтеді.

А.Тажаяқовты қолдаушылар командасына алты адам кіреді, оның ішінде ФБР-дың бұрынғы агенті де бар. Олардың мақсаты қазақстандық студенттердің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтарды көбірек жинау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны