15.04.2016, 20:15 4703

Су басу қаупі бар аймақтарда жедел құтқару жұмыстары жүргізілуде

Су басу жағдайына байланысты Ақтөбе облысыныӊ Көкістек ауылында жедел құтқару жұмыстары аясында Большевик плотинасыныӊ жағажайын бекіту жұмыстары жүргізіліп, инертті материалы бар 400 қаппен бөгет қаланды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Су басу жағдайына байланысты Ақтөбе облысыныӊ Көкістек ауылында жедел құтқару жұмыстары аясында Большевик плотинасыныӊ жағажайын бекіту жұмыстары жүргізіліп, инертті материалы бар 400 қаппен бөгет қаланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хромтау қаласында 220 текше метр еріген қар суы сорылды. Ал Ақмола қаласыныӊ Атбасар қаласында Жабай өзенініӊ арнасында 36164 текше метр су сорылды. Талапкер ауылында арнайы жүмыстар жүргізіліп, 900 текше метр су тартылды, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Бұндай жұмыстар Қостанай қаласында, Қостанай облысыныӊ Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоровка, Озерное, Архиповка, Каменск-Уральское ауылдарында да жүрггізілді.

Қостанай ауданыныӊ Суриковка ауылынан 55 адам эвакуацияланды. Ұзындығы 2 км-дей болатын бөгет жасалды. Ауылға судыӊ баруы тоқтатылды.ТЖ жоюға 95 адам мен 27 бірлік техника жұмылдырылды.

СҚО-да Петропавл қаласыныӊ жеке 7 тұрғын үйінен 604 текше метр қардыӊ еріген суы тартып шығарылды.

ШҚО-да Бұқтырма, Крестовка, Тұрғысын өзендеріндегі су деӊгейі мониторингтен бақылануда. Қазір Шар және Ортабұлақ су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Соӊғы тәулікте 144 999 текше метр қар суы сорылды. Астана мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы су басу уақытындағы тартылған судыӊ жалпы көлемі 1 541 000,62 текше метрді құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны