05.06.2015, 16:47 4299

"Subaru" компаниясы Қазақстанда сатылған 400-ден астам автомобильді кері қайтарып алып жатыр

"Subaru Kazakhstan" дистрибьюторы Takata Corp компаниясыныӊ қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған 2004-2007 жылғы "Impreza/WRX" модельді көліктерді кері қайтару науқаны басталғанын хабарлады, деп жазады "Астана Моторс" компаниясыныӊ ресми сайтында

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - "Subaru Kazakhstan" дистрибьюторы Takata Corp компаниясыныӊ қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған 2004-2007 жылғы "Impreza/WRX" модельді көліктерді кері қайтару науқаны басталғанын хабарлады, деп жазады "Астана Моторс" компаниясыныӊ ресми сайтында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Subaru", "Fuji Heavy Industries" автомобильдері өндірушілердіӊ сөзіне қарағанда, бұған Қазақстандағы ресми делдалдар арқылы сатылып алынған 405 автомобиль кіреді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Бүған ұзақ уақыт бойы пайдаланылған көліктіӊ қауіпсіздік жастықтарыныӊ газогенераторына ылғал кіріп, оныӊ кенеттен іске қосылуынан жолаушыныӊ жарақаттануы ықтимал екені себеп болған", делінген таратылған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны