05.12.2013, 22:34 4438

Судьяларға қатысты қылмыстық істер қозғалды

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласының Маманданған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша жағымды шешім шығару үшін кәсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алу фактісін бекіткен болатын.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласының Маманданған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша жағымды шешім шығару үшін кәсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алу фактісін бекіткен болатын.

Жедел-іздестіру материалдарын Агенттік процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Бас Прокуратурасына жолдады.

2013 жылғы 12 қарашада ҚР Бас Прокуроры Астана қаласының Маманданған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оған қоса, ағымдағы жылғы 14 қарашада Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары материалдарының негізінді ҚР Бас Прокуроры Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы Жамбылбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Оған 2013 жылғы 24 қазанда Т. деген азаматтан оның пайдасына азаматтық іс бойынша шешім шығару үшін 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдік тағылуда.

Қылмыстық істер тергелуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны