03.07.2015, 18:32 4014

Суға шомылу кезінде баржаныӊ астына кеткен 20 жастағы жігітті семейлік құтқарушылар құтқарды

Жігіт өзініӊ бауырымен Полковничий аралыныӊ маӊында Ертіс өзенінде суға шомылып жүрген. Өзен жағасы суға шомылуға арналып жабдықталмаған. Осы кезде су түбінен қиыршық тас жинап жүрген баржа жүзіп бара жатады. Қатты ағын салдарынан 20 жастағы жігітті баржаға қарай тартады.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Жігіт өзініӊ бауырымен Полковничий аралыныӊ маӊында Ертіс өзенінде суға шомылып жүрген. Өзен жағасы суға шомылуға арналып жабдықталмаған. Осы кезде су түбінен қиыршық тас жинап жүрген баржа жүзіп бара жатады. Қатты ағын салдарынан 20 жастағы жігітті баржаға қарай тартады. Ол төменгі жағынан ұстанып қалып үлгереді. Бұл кезде оныӊ туыстары "112" құтқару қызметіне қоӊырау шалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

10 минут ішінде №2 құтқару жасағы мен суда құтқару қызметініӊ құтқарушылары оқиға орнына келіп жетеді. Жігіт құтқарушылармен сөйлесіп белгі береді. Сүӊгуірлер баржа астына кірген жоқ, себебі қатты ағын оларды да ағызып кетуі мүмкін еді. Сондықтан да 2-МӨСБ құтқарушылары азаматты арқан арқылы тартып алуға әрекет жасайды. Құтқару операциясы сәтті өтті. Жігітті аман сау алып шықты.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысыныӊ ТЖД азаматтарға тағы да, өз демалыстарыӊды қайғылы жағдайға ұшыратпауларын ескертеді. Судағы қарапайым ережелерді сақтау қажет. Жабдықталмаған жерлерде суға шомылуға, тексерілмеген жерлерде су астына сүӊгуге және жүзуге болмайды және спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны