22.07.2015, 17:09 3089

Сүӊгуірлер Щерубай-Нұра су қоймасынныӊ жағасынан 1000 шақыры жерге кетіп қалған жас жігіттерді құтқарып алды

Суға шомылу маусымында, ТЖ қызметкерлердіӊ демалушыларымен әӊгімелесу, жаднама тарату және БАҚ құралдарына судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, көп адамдар осы қауіпсіздік шараларды елемейді соныӊ аяғы қайғылы оқиғаға әкеліп отырады

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Суға шомылу маусымында, ТЖ қызметкерлердіӊ демалушыларымен әӊгімелесу, жаднама тарату және БАҚ құралдарына судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, көп адамдар осы қауіпсіздік шараларды елемейді соныӊ аяғы қайғылы оқиғаға әкеліп отырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, Щерубай-Нұра су қоймасынныӊ жағалауын торып жүргенде Топар кенті Суда -құтқару бекетініӊ маневрлі-іздестіру тобыныӊ қызметкерлері 2 адамды байқап құтқарып алды. Жас жігіттерді резеӊке қайықта, ешқандай да бір құтқару құралдарсыз жағадан 1000 шақырым жерге желмен алып кеткен. 2 құтқарушы-сүӊгуірлер Обь-3 мотоқайықпен және құтқару дөӊгелегімен жігіттерді шығарып жағаға жеткізді.

Тұрғындарға өздерініӊ қауіпсіздігіне жауапты және зейінді қарау мәселесіне қатаӊ қарауға кеӊес береміз. Өміріӊізге өздерініз ғана жауаптысыздар және де оныӊ қауіпсіздігі өздеріӊізге байланысты. Ир бір жазатайым уақиғаны болдырмауға болады, егерде қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданса.

Су айдындарында демалыстарынызды келеӊсіз оқиғаларамен томсартпай, өзіӊіздіӊ ғана емес өзгеніӊ өмірін сақтап қалу мүмкіндігі болуы үшін, келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.

- Иесіз және техникалық ақаулы қайықтарды пайдаланбаӊыз;

- Құтқару және сутөкпе құралдарынсыз жүзуге шықпаӊыз;

- Жүзу құралдарын адамдар және жүкпен техникалық төлқұжатында көрсетілген жүк көтеру салмағынан асырмаӊыз;

- Мас күйінде қайықпен жүзімеӊіз;

- Қайықтыӊ ернеуі мен тұмсығына отырмаӊыз;

- Бір орыннан екіншісіне, сондай-ақ судағы бір қайықтан басқасына орын ауыстырмаӊыз;

- Қайықтан суға сүӊгімеӊіз;

- Қараӊғы түскен мезгілде жүзу құралдарын пайдаланбаӊыз.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны