23.03.2020, 23:09 7958

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілікті

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алматы. 23 наурыз. Kazakhstan Today - Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Агенттіктің 3-нші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық істі тергеу Агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК сәйкес жария етуге жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны