14.04.2020, 18:02 9708

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы айтыс онлайн форматта өтуде

Бас жүлдеге "Алтын Орда" авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және "Біз біргеміз" логотипімен кәдесый ұсынады.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы айтыс онлайн форматта өтуде.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде жеребе тастау арқылы басталған онлайн айтыстың бірінші туры мәресіне жетті.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 16 суырып-салма ақын қатысуда. Қатысушылардың қатарында: Нұрқанат Қайрат (Павлодар) - Тоба Өтепбаев (Қостанай), Серікболсын Әбікен (Қостанай) - Бекжан Базарбек (Шымкент), Медетбек Әбдікәрімов (Алматы) - Сырым Әділбек (Қызылорда), Нартай Тілеуқұл (Ақтөбе) - Айболат Көшкенбай (Ақтөбе), Жәнібек Бейбітов (Ақтөбе) - Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), Елшат Әуезхан (Ақтөбе) - Жұлдызай Маратбекова (Өскемен), Ернұр Әуезхан (Қостанай) - Бек Шымат (Нұр-Сұлтан), Айшолпан Тілеутай (Семей) - Сырым Әуезхан (Алматы).

Қазіргі таңда барлық 8 жұп өз шеберліктері мен шапшаңдылықтарын көрсетті. Осы кезеңде 1/8 финалға іріктеу жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының телеграм-арнасында ақындарға дауыс беруге болады.

Онлайн айтыстың толық видеосын "anticor_shtab_kz" YouTube-арнасынан көруге болады.

Еске сала кетейік, халық шығармашылығының қайталанбас сайысы айтыс онлайн режимде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен ұйымдастырылған.

Сайыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өтуі оның тағы бір ерекшелігі болып табылады.

Онлайн айтыстың финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуірінде күтілуде.

Жеңімпаздар "Antiсor_shtab_kz" телеграм-арнасында онлайн дауыс беру және Мырзатай Жолдасбековтың төрағалық етуімен қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге "Алтын Орда" авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және "Біз біргеміз" логотипімен кәдесый ұсынады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны